Қазақстан және Түрікменстан арқылы жаңа халықаралық теміржол өткелінің салтанатты түйісуі мен ашылуы

 

Қырқұйек 13, 2013

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов Болашақ станциясы (Қазақстан Республикасы) — Серхетяка станциясы (Түрікменстан) өткелі бойынша екі ел арасындағы тікелей теміржол қатынасын ашты.

Аталмыш дәліз мемлекеттер арасындағы жүктердің тікелей жеткізілімдерін қысқа жол арқылы жүзеге асыру, Қазақстан арқылы Түрікменстанға және кері бағытта транзиттік пойыздардың жүру уақытын қысқарту мүмкіндігін береді.

Болашақ-Серхетяка учаскесі Қазақстан және Түрікменстан арасын байланыстыратын болашақ трансұлттық теміржол дәлізінің бір бөлігі болып табылып, жүк, ағынын құрғақтағы жолдардан теңіз жолымен Парсы Шығанағы аймағына шығаруды қамтамасыз ететін болады. Қазіргі таңда, үш ел арасындағы Келісімге сәйкес, мемлекетаралық жоба жүзеге асырудың қңгейінде.

Ашылған теміржол өткелі арқылы жүк, ағынының құрылымында, болжам етілгендей, астық, мұнай және мұнай өнімдері басымырақ болады.

Жаңа дәліз Қазақстанның транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырып, отандық өнім үшін өткізудің жаңа нарықтарына жол ашатын болмақ.

Дәліздің қазақстандық бөлігі — 146 км теңелетін Өқ учаскесінің құрылысы 2009 жылғы 30 қыркүйек күні басталған болатын. Дәліз құрылысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев старт берді.

Елбасы аталмыш жобаның жүзеге асырылуын жіті қадағалады. Құрылыстың аралық нәтижелері Ұлт көшбасшысына Жалпыұлттық телекөпірлер барысында ұсынылса, жаңа жолдың маңыздылығы жайлы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында бірнеше рет айтылған болатын.

Жаңа желі инфрақұрылымы жақсы дамыған замануи теміржол магистралі болып табылады. Жол бойында жол дамуымен екі жаңа станция және 5 бөлек пункт ашылған. Желі байланыс, дабыл, орталықтандыру және блокадалау құрылғыларымен жабдықталған. Маңғышлақ — Өзен — Болашақ учаскесіне талшыққ байланыс желісі төселген. Барлық станциялар мен жол разъездеріне электр қуаты толассыз беріліп тұрады. Өзен, Бопай станциялары мен разъездерде ққ ғимараттар салынған.

Шекара бойындағы Болашақ станциясын дамытуға едәуір көңіл бөлінді. Бұнда әлеуметтік және техникалық мақсаттағы объекттер кешені салынған, сонымен қатар әқ және тұрғын үй ғимараттары сумен қамтамасыз етіліп, газдандырылған.

Құрылыстың құны 65 млрд. теңгеге теңелсе, құрылыстағы қазақстандық құрам 80%-ды құрады. Құрылыс барысында астам жұмыс орны құрылғаны жайлы айта кету керек. Ал жолды пайдалануға беруден кейін астам қазақстандық жұмыспен қамтылып, оларға жаңа жолда орналасқан тұрғын үйлер берілетін болмақ.

«ҚТЖ» ҰК" АҚ баспасөз қызметі

барлық жаңалыктар »