Барлық жүк жөнелтушілеріне

 

Сәуір 17, 2013

«Қазтеміртранс» АҚ Президенті Қ. Әлмағамбетов төрағалығымен өткен кеңес хаттамасының шешіміне сәйкес (2013 жылғы 24 қаңтардан № 01/06), «Көліктік қызмет көрсету Орталығы» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін цистерна вагондарының («Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі) бірегей операторы болып анықталды.

2013 жылдың 29 наурызында «Қазтеміртранс» АҚ-ымен жасалған № 29–03/ цистерна вагондарын пайдалануды тапсыру Шартына сәйкес, «Көліктік қызмет көрсету Орталығы» АҚ-ына жүк жөнелтушілері мен экспедиторлармен цистерна вагондар операторының қызметтерін ұсыну шарттарын жасау тапсырылды.

Цистерна вагондар операторының қызметтерін ұсыну шарттарын жасау сұрақтары бойынша, «Көліктік қызмет көрсету Орталығы» АҚ-ына хабарласуға болады.

Шарт және қажетті құрылтайшылық құжаттардың тізімі «Көліктік қызмет көрсету Орталығы» АҚ сайтының «Типтік шарттар» тарауында орналастырылған. Сайт мекенжайы: www.ctu.kz.

барлық жаңалыктар »