ҚТЖ логистика жүйесіне көліктерді топтастыруда

 

Қантар 28, 2013

«ҚТЖ» ҰК" АҚ шеберлік жоспарына орай өткен жылы «Каzlogistics» көліктік -логистикалық қауымдастығы қатарына 17 кәсіпорынды тартты. Олар төрт жүзден астам мүшелерін тіркеді.

Көліктік қызметке сұраныстың жедел өсуіне байланысты «ҚТЖ» ҰК" АҚ мен көліктік-логистикалық қызмет көрсететін «Каzlogistics» көліктік -логистикалық қауымдастығы бірқатар құрлықаралық жобаларды жүзеге асыра бастады. Олардың ішінде «Электронды пойыз» автоматтандырылған құжат айналымы, «АСУ Логистика» барлық көлік түрлері автоматтандырылған басқару жүйесіне көшіру, «Чунцин-Дуйсбург» контейнерлік пойызы, «LPI» логистикалық климат-деңгейін көтеру" жобасы тағы басқалар бар.

«ҚТЖ» ҰК" АҚ Президентінің кеңесшісі — «Каzlogistics» көліктік -логистикалық қауымдастығы Президиумының төрағасы Юрий Лавриненко «Біз өзіміздің ролімізді жалпыкөліктік жүйелі жұмыстардағы проблемаларды шешуден және саладағы түйіспе нүктелердегі өзара қарым-қатынасты жақсартудан іздейміз» деп атап өтті.

Қауымдастық Қазақстанның көліктік-логистикалық саласындағы жалпы өзекті мәселелер туралы, ақпараттарды жинақтап www. Каzlogistics.kzпорталына жариялап, орын алған кемшіліктерді шешуде.

2012 жылғы қыркүйектің 20-сында Алматыда «ҚТЖ» ҰК" АҚ, Каzlogistics, Көліктік логистиканы дамытудың Ұлттық орталығы, Қазақстанның Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы арасындағы Меморандумға байланысты жүк жөнелтушілер — трейдер- тасымалдаушы- кеден қарым қатынастары реттеліп отырады.

«ҚТЖ» ҰК" АҚ-ның үйлестірушілік ролін пайдалана отырып ҚазАТК мен көлік колледжінде логист мамандарды және орта буын мамандарды дайындау жүзеге асырылады.

2012 жылы желтоқсанның 5-інде Каzlogistics Орта Азия мемлекеттері экспедиторлары мен тасымалдаушылары қауымдастығы Федерациясының (ФАПЕ) құрамына енді. Қазіргі таңда Халықаралық экспедиторлар қауымдастығы (ФИАТА) құрамына енуге тапсырыс беріп отыр.

«ҚТЖ» ҰК" АҚ Баспасөз қызметі

барлық жаңалыктар »